Өткен жылдан бері тегін адвокаттық қызмет және заң көмегін ала алатын азаматтар тізімі кеңейтілді. Өңірде бұл мүмкіндікті 2,5 мың адам пайдаланып үлгерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Qyzyljartv.kz» сайтына сілтеме жасап.
— Тегін көмекті ҰОС ардагерлері, ҰОС-ның қатысушыларына теңестірілген азаматтар, зейнеткерлер мен 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, аз қамтылған отбасылар және көпбалалы аналар, мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлер ала алады. Қазіргі уақытта аталған санаттағы азаматтарға тегін заң көмегін облысымыздың 74 адвокаты көрсетуде, – дейді СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Қожахметова.