СҚО-да синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолы кесілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 27,6 %-ға кеміді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінде өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдиновтың төрағалығымен өткен кеңестің күн тәртібінде синтетикалық есірткілер саудасы және интернет-алаяқтық фактілер туралы айтылды. Мәселен, қаңтар айының қорытындысы бойынша психотроптық заттарды сату жайттары кемісе, ғаламторды пайдаланып тұрғындарды алдау оқиғалары жиілеп, өткен жылмен салыстырғанда 3,2 %-ға өскені анықталды.

Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзидинің айтуынша, еліміздің басқа өңірлерімен бірлесіп жүргізілетін шаралар нәтижесін беруде.

– Қаңтар айында солтүстікқазақстандық полицейлердің бастамасымен Астана қаласындағы әріптестермен бірлесіп, Петропавл қаласына синтетикалық есірткіні жеткізу арнасының жолы кесілді. Аталған факті бойынша облыс орталығында 200 грамнан астам және ел астанасы аумағында 700 грамнан астам психотроптық заттар тәркіленді. Сондай-ақ осы жылдың алғашқы айында облыс полицейлері есірткімен байланысты мазмұндағы веб-ресурстарды бұғаттау үшін ҚР Индустрия және инфрқұрылымдық даму министрлігіне 31 сілтеме жіберген. Жастар үшін 42 профилактикалық іс-шара өткізіліп, оларға 3 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты, – деді Иван Терзиди.

Нашақорлықтың алдын алу жұмыстарының маңыздылығын полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов та атап өтті. Бұл ретте ол аталған бөлініске облыс әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссия деңгейінде проблемалық сұрақтарды шешу үшін мүдделі органдармен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды. Бұдан бөлек, әр бөлініске жұмыстың тиімділігін арттыруға және жеке құрамның жалпы тәртібін нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz