Ақпанның 15-і күні Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне Булаеводағы жер үйлердің бірінде 14 жастағы қыз зорланғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті Қазақстан Республикасы ҚК 120-бабы 1-тармағының 3-1-бөлігі «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тәртіп сақшылар Булаево қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Азаматтардан тек тексерілген, расталған ресми ақпаратқа назар аударуды сұраймыз. Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне мектеп оқушысының сыныптастарын пышақпен қорқыту фактісі бойынша өтініштер түспегенін хабарлаймыз,- делінген СҚО ПД баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізуде.