Кеше Универсальная көшесінде су құбырында тағы апат тіркелді. Салдарынан «Береке» шағынауданы, Жұмысшы кенті мен вокзал маңындағы баспаналардың тұрғындары тіршілік нәрінсіз қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатты жою жұмыстары түнде жүргізілді.
– Ақпанның 17-не қараған түні «Қызылжар су» ЖШС Универсальная көшесі бойында зақымдалған су құбырына ысырманы орнату бойынша жұмыстар жүргізіп, апатты құбырдан тарататылатын тіршілік нәрі өзге желі арқылы берілетін болды. Қазіргі уақытта «Береке» шағынауданында, вокзал маңында орналасқан баспаналарды және Жұмысшы кентіндегі үйлердігі су қысымын жоғарылату мақсатында шаралар қолданылып жатыр. Нәтижесінде барлық тұрғындарға су жетеді, – деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.