Гуманитарлық көмек тиелген ұшақ Қазақстаннан Түркияға аттанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

17 ақпанда Қазақстаннан Түркияның Газиантеп қаласына гуманитарлық жүк тиелген ұшақ аттанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасындағы хабарламада апат аймағына шатырлар, жылытқыштар, қалың киімдер және басқа да қажет заттар жөнелтіліп жатқаны айтылған.

Министрлік гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна екенін айтты.

16 ақпанда Қазақстан мен Қырғызстан Түркиядағы зардап шеккендерге көмектесу үшін 84 киіз үй жібергені белгілі болды. Сонымен қатар 15 ақпанда гуманитарлық жүк тиеген Қазақстан ұшағы Сирияға жөнелтілген көмектің алғашқыларының бірі болып шықты.

8 ақпан күні таңертең Тоқаев үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсету үшін 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Сонымен бірге мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан құтқарушылары мен дәрігерлерінен құралған екі топ Түркияға жөнелтілді.

Қазақстандықтар Түркияда зардап шеккендерге 2,8 миллион доллардан астам ақша жинады.

Түркияда 2023 жылы 6 ақпанда таңертең магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz