Петропавл полицейлері халық алдында есеп берді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл полицейлері халық алдында есеп берді. Қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин 2022 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша есептік кездесуі өткізді. Оған қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин, зейнеткерлер, жұртшылық қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

12 айда «өткен жылдар» санатындағы 60 қылмыс ашылып, 41 қылмыскер ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 16 азаматтың жүрген жері анықталды. Өткен жылы 199 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 244 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін 5200-ден астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан құрамында спирт бар 17 мың литрден астам алкоголь алынды.

Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, жеке құрам қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Дегенмен, электрондық төлемдер және онлайн-дүкендермен бірге ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын алаяқтық түрлері де ілгері басуда. Бір жыл ішінде тіркелген алаяқтық фактілерінің саны – 818-ді құрады. Оның ішінде 657 факті интернет арқылы жасалғанын айта кеткен жөн. Профилактикалық жұмыстар күн сайын, барлық жеке құрамның қатысуымен жүргізіледі. Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде өткен жылы 600-ден астам азамат интернет-алаяқтармен сөйлесуден бас тартып, қылмыстардың алдын алған.

Кездесуге қатысушыларды отбасылық жанжалқойларға қатысты қабылданатын шаралар, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу сияқты сұрақтар қызықтырды. Полицияның құзыретіне кіретін барлық сұрақтарға жауаптар берілді. Кездесу соңында әкімнің орынбасары Асқар Хабибулин қала тұрғындарына интернет-алаяқтардың әдіс-айлаларынан сақ болуға шақырды. Сондай-ақ биылғы жылы құқықтық тәртіпті нығайту үшін қала орталығында қосымша учаскелік полиция пунктін пайдалануға беру туралы мәселе қаралатыны айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz