Петропавлда допты хоккейден жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтуде. Жарысқа Астана, Алматы, Хромтау қалаларынан келген спортшылар мен жергілікті екі команда қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Допты хоккейден Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Нұрлан Мырзағалиевтің айтуынша, соңғы жылдары бұл спорт түріне жастардың қызығушылығы артып келеді. Оған ел біршілігіне қатысатын командалар санының өсуі.
– Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында еліміздің түрлі өңірлерінен келген командалар өнер көрсетуде. Әр команда айналмалы жүйе бойынша 2 кездесуден өткізетін болады.Осылайша жеңімпазды анықтайтын боламыз,- дейді допты хоккейден қр мемлекеттік жаттықтырушысы Нұрлан Мырзағалиев
Допты хоккейден ел чемпионаты ақпанның 19-ына дейін жалғасады.