Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде өңірдегі су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыста су қауіпі басу бар 175 елді мекен бар. Төтенше жағдай болған жағдайда табиғи апатпен күресуге 2 мыңға жуық адам, 1,3 мың шамасында техника жұмылдырылады.
– 130 км болатын проблемалық учаскелерде жер үймелері, 7 км қорғаныш дамбалары, өңірдің автожолдарында 89 су өткізетін құбыр, 16 тюбинг, 55 км астам жер асты арналар жүйесі салынып, жөнделді. Өзен арналары тазартылып, жағаны бекіту жұмыстары жүргізілді, – деді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.
Су тасқынынан қауіп төнген жағдайда жергілікті атқарушы органдар 1416 адам мен 1180 техниканы шығаруға дайын. Тасқын судан зардап шеккендерді көшіруге 255 эвакуациялық пункт әзірленді. Бұдан басқа 114 жүзу құралы, 15 мың тоннадан артық инертті материал, 41 мың қап, 190 мың тоннаға жуық жанар-жағармай әзірленген.