Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушылардың жұмысы аяқталды

Авторы: Qyzyljar News

Түркияда 10 күн бойы іздеу-құтқару шараларын жүргізген қазақстандық құтқарушылар өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алдымен Нұрдағы қаласындағы 35 құтқарушы өздеріне тапсырылған учаскеде барлық жұмыстарды бітірген. Олар үйінді астынан 3 адамды алып шықты. Одан кейін Газиантеп қаласындағы құтқарушы топ та жұмысын аяқтап, техникалары мен құрал-саймандарын жиыстырып жатыр. Газиантеп қаласында құрылған жылжымалы аурухана да жиналды. Дәрігерлеріміз 140 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсеткен. 10 күн ішінде біздің құтқарушылар 8 адамды үйінді астынан алып шыққан. Ертең олардың алғашқы легі елге орала бастайды.

– Берілген тапсырмаларды орындап, жұмыстарды аяқтап жатырмыз. Қолымыздан келгенше күшіміздің бәрін салдық. Құтқарушыларымыз күні-түні кезекшілікке бөлініп, жұмыс істеп жатыр. Өте қауіпті жұмыс. Өздеріңіз де басқа мемлекеттердің, осы түрік елінің құтқарушыларының да жарақат алғанын көріп жатырсыздар. Тәртіптің арқасында осы жұмысты аман-есен аяқтадық, – дейді Қазақстан Республикасы ТЖМ бірінші орынбасары Ибрахим Күлшімбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz