Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің плей-офф кезеңінде жергілікті «Qulager» клубына «Сарыарқа» командасы қарсылас атанды. Бірінші ойынды жерлестеріміз Қарағанды қаласында өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өкінішке қарай, бірінші кездесу 3:1 есебімен қарағандылықтар пайдасына шешілді. Осылайша «Сарыарқа» командасы плей-офф кезеңін жеңіспен бастап, бұл ұжым сапында Егор Огиенко, Эрик Алдабергенов пен Антон Злобин көзге түсті. Ал жерлестерімізден тек Евгений Лызиннің соққысы нәтижелі болды. Қарымта ойын бүгін Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де өтеді деп жоспарланып отыр.