Солтүстік Қазақстан облысында «Күлпәш» тарихи көркем фильмі түсірілді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақ ұлттық Өнер университетінің студенті Ернат Сәбитов аталған қысқаметражды фильмді Қызылжар ауданындағы Архангельское ауылында түсірген. Туынды Бейімбет Майлиннің шығармасына негізделіп таспаланған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz арнасына сілтеме жасап.

Қоюшы-режиссер Ернар Сәбитовтың айтуынша, елді мекенде 100 жылдан астам тарихы бар үйлер аз емес. Кинокартинада бой көрсеткен 18 адам – Ернат Сәбитовтың жоғарғы оқу орнында бірге оқыған достары екен.

– Аталған туындыны өз қаражатыма түсірдім. Әрине, жалғыз өзім түсірдім десем, дұрыс болмас. Мәдениет басқармасы көлік, логистика жағынан жақсы көмектескенін айта кеткен жөн. Досбол Әбдірейісов ағама және де Архангельское ауылының тұрғындарына алғысымды білдіремін,- дейді жас режиссер Ернат Сәбитов.

Қысқаметражды туынды 3 ауқымды фестивальге қатыстырылмақ. Режиссер ұсыныс түссе, телеарналарда көрсетуге ниетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz