Түркияға аттанған құтқарушылар елге оралды

Авторы: Qyzyljar News

Нұрдағы қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы ТЖМ құтқарушылары  мен апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Астана әуежайына қонды. Оларды туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уфук Экиджи (Ufuk Ekici) біздің құтқарушыларымызды күтіп алды және олардың әрқайсысына атқарған қиын жұмысы үшін алғысын білдірді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ техникасы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен болатын.  Қазақстандық құтқарушылар тобын Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.

Еске салайық, Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz