Павлодарда есту қабілеті зақымданған жандар арасында шаңғы жарысынан ел біріншілігі өтті. Додаға қатысқан жерлесіміз Анастасия Соловьева үш бірдей алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Үміт» клубының мүшесі Анастасия Соловьева шаңғы жарысындағы 5 шақырымдық сында қарсыластырың орап, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Екінші орын ақмолалық спортшы Елена Путинцеваға, ал үшінші орын павлодарлық Сәния Досымхановаға бұйырды.
Кейін жерлесіміз шаңғы жарысының «классика» бағытындағы сайыста 5 шақырымдық қашықта үздік атанды. Сондай-ақ 1200 метрде де Анастасияға тең келер ешкім болмады. Солтүстікқазақстандық параатлет жеңіс тұғырына көтерілді.