Президент Конституциялық соттың төрағасын қабылдады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Президентке Конституциялық сот өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және Конституциялық сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz