«Азық – түлік корпорациясы «ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған (оның ішінде 2021-2022 жылдардағы форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берешектің негізгі сомасын 2023 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде толық қайтарған кезде өзінің борыштық жүктемесін төмендету мүмкіндігін беру туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Сонымен қатар, өсімпұл мен айыппұлды төлеу бойынша міндеттемелерді тауарды жеткізу, сондай-ақ негізгі қарызды ақшалай қаражатпен тікелей корпорацияның шотына қайтару арқылы орындау мүмкіндігі болады,- делінген корпорация жариялаған ақпаратта.