СҚО-да жоғалған ер адамның денесі қар астынан табылды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысында бір күн бұрын жоғалған ер адамның денесі қар астынан табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 ақпан күні СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне хабар түсті. Онда сағат 14.00 шамасында Янко станциясынан Ғ.Мүсірепов ауданының Жаңасу ауылына қарай 45 жастағы ер адам жаяу шығып кеткені туралы айтылды.

– Полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті тұрғындар арасынан іздестіру іс-шараларын жүргізу бойынша 3 жедел топ құрылды. Жол талғамайтын көлік жұмылдырылды. Тағы бір топ іздестіруді атпен жүргізді. Ақпанның 20-сы күні Жаңасу ауылынан 3 шақырым жерде жоғалған адамның денесі қардың астынан табылды. Зорлық белгілері жоқ, — делінген полиция мәліметінде.

Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша анықталады. Қазіргі уақытта процедуралық тексеру жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz