Қазақстанда картоп импорты екі есе қысқарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанда картоп импорты 51,6%-ға төмендегенін көрсетті. Мәселен, 2021 жылы 97,6 мың тонна картоп импортталған болса, 2022 жылы 47,3 мың тонна өнім импортталған деді Ұлттық статистика бюросы 21 ақпанда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Картоп экспорты 18,5%-ға өсті. Мәселен, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 194,8 мың тонна картоп экспортталса, 2021 жылы 164,3 мың тонна картоп экспортталған.

2022 жылы картоптың жалпы түсімі 40 804 697,5 центнерді немесе 4,1 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 588 мың тонна өнім өндірді. Жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары – 1,5 млн тонна, ал үй шаруашылықтарының үлесі өткен жылы 1,9 млн тоннаны құрады.

Өткен жылы барлық санаттағы шаруашылықтардағы картоп егіс көлемі 198,8 мың гектарды құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz