Жеңілдетілген дизель отынының сатылуы бақылауда

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жұмыс істемейтін агроқұрылымдардың есебінен жеңілдетілген дизель отынының көлемін арттыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы Сергей Перовтың айтуынша, дизель отынының сатылуы үнемі бақылауда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларымен, арзандатылған дизель отынын алатын агроқұрылым басшыларымен және сұйық отынды ұсынатын операторлармен жиі кездесулер өткізіледі.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша өз қызметін тоқтатқан агроқұрылымдардың есебінен жеңілдітелген дизель отыны көлемінің қажеттілігін арттыру және операторлар арасында одан әрі объективті бөлу фактілері анықталды. Департамент бақылауының нәтижесінде отынның тапшылығын болдыруға мүмкіндік берілмеді. Бұдан былай мұндай тәуекелдерді болдырмау мақсатында жеке өзім ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында жеңілдітелген дизель отынын бөлудің әзірленіп жатқан қағидаларының жобасына ұсыныстар енгіздім, — деді Сергей Перов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz