СҚО-да көктайғақтан автобустар жолға шықпады, мектептерде сабақ болмады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында қатты көктайғақтың салдарынан бүгін мектептерде сабақ болмайды. Сондай-ақ қоғамдық көліктің де жұмысын тоқтатуға тура келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда сынап бағанасы қазір +1 градусты көрсетіп тұр. Оған қоса түнде жаңбыр жауды. Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты мектептерде сабақ болмайды. Әзірге бірінші ауысымның оқушылары онлайн оқуға көшірілді. Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, жаңбыр таңға жуық сағат 4.00 мен 5.00 аралығында жауған. Қатты көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта қала көшелерінде арнайы техника жұмыс істеп, құм-тұз қоспасын сеуіп жатыр.

­- Ауа-райына байланысты қалада қалыптасқан жағдайға сіздердің түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Қазіргі уақытта мамандандырылған техника жұмыс істеп жатыр. Олар көшелер мен тротуарларға құм себуді сағат 5.00-ден бастады. Бұл шара қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жүргізілуде.

— Қоғамдық көлік біртіндеп өз маршруттарына шығарылады. Бүгін жұмыс берушілерден қызметкерлердің кешігуіне түсіністік танытуын сұраймыз. Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілерін де мүмкіндігінше аялдамалардан адамдарды алып кетуге шақырамыз. Құрметті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, жолдарда абай болыңыз және өте мұқият болыңыз, — делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Петропавл маңындағы Бескөл елді мекенінен облыс орталығына баратын 101 автобусы да жұмысын уақытша тоқтатты. СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автомобиль жолдары әзірге жабылған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz