Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы құрылыс нысандарын аралап, әлеуметтік нысандарды салу бойынша жаңа жобалармен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жас өркен» шағынауданында ескі үйлер сүрілгеннен кейін балабақша мен мектеп салынады. Ал «Берекеде» түзету мектебі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, балабақша және орта мектепке қажетті жер телімдері белгіленген соң, құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.
Шағынаудандарды аралаған өңір басшысы тиісті мемлекеттік органдарға барлық дайындық жұмыстарын уақытында аяқтап, көктемде әлеуметтік нысандардың құрылысын бастауды тапсырды.