СҚО-да ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қажет

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы өңір диқандары 81 млрд. теңгенің 2408 техникасын сатып алды. Ауыл шаруашылығына қажетті көліктер мен құрал-жабдықтарды жаңарту жұмыстары Ақжар, Уәлиханов, Есіл және Шал ақын аудандарында сылбырт жүргізілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, тозығы жеткен техниканы есептен шығару да, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша агроқұрылым басшылары 2841 техниканы және құрал-саймандарды есептен шығарған. Бұл негізгі жоспардың 75 пайызын құрайды. Облыста жалпы ауыл шаруашылығы техникасының 73,4 пайызы 10 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Ал тракторлардың 75 пайызы, комбайндардың 67 пайызы осыншама уақыт шаруашылықтарда пайдаға жаратылған. Техниканы есептен шығару бойынша Шал Ақын ауданы мен Есіл ауданынында көрсеткіштер төмен. Биыл жалпы сомасы 69,5 млрд. теңгеге 2370 жаңа техника мен құрал-жабдық сатып алу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz