Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің плей-офф кезеңінде жерлестеріміз қарағандылық «Сарыарқа» клубымен кездесті. Өкінішке қарай, «Qulager» командасы қарсыластарына 4 мәрте жеңіліп, чемпионаттың 1/4 финалында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық хоккейшілер плей-офф кезеңінде қарағандылық командаға қарсы төрт ойын өткізіп, әрқайсысында жеңілістің ащы дәмін татты. Соңғы кездесуде жерлестеріміз 1:7 есебімен есе жіберді. Қонақтар сапында Эрик Алдабергенов, Эдгарс Сиксна (дубль авторы), Константин Двуреченский (дубль авторы), Антон Злобин, Игнат Холькин көзге түссе, «Qulager»-де жалғыз шайбаның авторы – Платон Попов атанды.