СҚО-ның екі тұрғыны тіркелмеген қаруды тауып, өз еркімен полицейлерге тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ақпан айының ортасында Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны Айыртау ауданында бұрын қайтыс болған туысының үйін жинау кезінде кереуеттің астынан екі ұңғылы мылтықты тапқан. Иесінің қаруға рұқсат беру құжаттары болмағанын анықтаған ер адам, табылған зат туралы дереу полицияға хабарлады. Бүгінгі таңда қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Ендігі кезекте мамандар оны мәліметтер базасында тексеріп, оның оқ атуға жарамдылығын анықтайды. Сондай-ақ бұған дейін екі күн бұрын 21 жастағы ауыл тұрғыны ИЖ-17 мылтығын тапсыру үшін Айыртау полицейлеріне жүгінгенін айта кеткен жөн.
– Екі азамат та заңға сәйкес келді, тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін жауапкершіліктен толық босатылды. Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қару әдетте тиісті қауіпсіздік шараларынсыз сақталады. Бұл жазатайым оқиғаның себебі болуы мүмкін. Ұрылардың назарын аударып, қылмыс жасау үшін пайдаланылуы да ғажап емес. Қаруды заңсыз қолданғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, — деп атап өтті аудан ПБ бастығының міндетін атқарушы Тұрлыбек Жамалиденов.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі