Облыс орталығында есірткі таратумен айналысқан 25 жастағы қыз ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 25 жастағы қыз есірткі таратуды ұйымдастырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты материалдарды сотқа жіберді. Ол 2022 жылдың қазан айында көпқабатты үйдің ауласында такси көлігінде келе жатқан жерінде ұсталды. Жеке тінту барысында одан жалпы салмағы 20 грамм болатын «тұз» деген атауға ие оралған 40 түйір ұнтақ түріндегі зат табылып, тәркіленді. Тағы 0,5 грамм “тұз” салынған бір түйіншек тұрғылықты мекенжайынан табылды.

– Тергеу қыздың есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірімен байланысын анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа жіберілді. Аталған қылмыс бойынша баптың санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz