Ақпанның 27-сі қайтыс болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл фактіні Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, — делінген Астана қаласының полиция департаменті жариялаған ақпаратта.
Еске салсақ, Қаңтардың 27-сі сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Оған алдын ала «анафилактикалық шок» диагнозы қойылған еді. Дегенмен кейін Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 45 жасында көз жұмған Гүлмира Кәрімованың өліміне жүрек талмасы себеп болғанын мәлім етті.