Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Авторы: Qyzyljar News

Ақпанның 27-сі қайтыс болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл фактіні Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды, — делінген Астана қаласының полиция департаменті жариялаған ақпаратта.

Еске салсақ, Қаңтардың 27-сі сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Оған алдын ала «анафилактикалық шок» диагнозы қойылған еді. Дегенмен кейін Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 45 жасында көз жұмған Гүлмира Кәрімованың өліміне жүрек талмасы себеп болғанын мәлім етті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz