Саяхатшылар еліміздің қандай көрікті жерлерінде демалып, қайда барады? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрлігінің мамандары жауап берді.
1.Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағы
Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша, 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алды. Өткен жылы Іле-Алатаудың табиғатын 628 мың турист тамашалаған.
2. Бурабай
Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Көкшенің көз тоймас көрікті жерлерінде 550 мыңнан астам адам қыдырып келіпті.
3.Көлсай көлдері
Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады.
4. Баянауыл
Баянауылға бару бүгінге ел ішінде сәнге айналып келеді. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалыпты.
5. Шарын шатқалы
Шалғай жатқанына қарамастан, Шарын шатқалы – саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.