Биыл өңір жолдарын жөндеуге бюджеттен 19,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның 2,9 млрд. теңгесі облыстық, 3 млрд. теңгесі аудандық деңгейдегі тас жолдарға және көшеаралық учаскелерге 1,4 млрд. теңге жұмсалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
20 млрд. теңгеге жуық қаражатқа ұзындығы 540 шақырымды алып жатқан жолдар қалыпқа келтіріледі деп күтілуде.
– Облыстың 26 елді мекеніне апарар жолдар ретке келтіріледі. Осылайша жыл соңына дейін өңір жолдарының 84 пайызы түзеледі. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстарды жүргізуге материал дайындалып жатыр. Күн жылысымен бұл шаруаға жауаптылар іске кіріседі. Ресейден 100 мың тонна битум әкелуге рұқсат та берілді, – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет.
Жолдарды жөндеуге бөлінген қаражаттың 5,9 млрд. теңгесіне әлі де мемлекеттік сатып алулар байқауы өткізілген жоқ.