Тәулік бойы мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беретін робот іске қосылды

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекеттік корпорацияның 1414 бірыңғай байланыс орталығының желісінде 24/7 режімінде мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беретін робот іске қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Робот ең танымал 50 мемлекеттік қызметке қатысты кеңес береді. Ол төлқұжат, жеке куәлік, электрондық цифрлық қолтаңба алу, бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін алу сияқты қызметтерден бөлек, басқа да сұрақтарға жауап береді.

1414 Бірыңғай байланыс орталығы азаматтарға 11 жылдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп келеді. Жыл басынан бері желіге 1,2 миллионнан астам қоңырау түскен, оның 35 пайызына робот қызмет көрсетті. 1414 желісіне қоңырау шалу тегін және барлық ұялы байланыс операторларының пайдаланушылары мен стационарлық телефоннан қоңырау шалатын азаматтар үшін қолжетімді. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталығына кезекке тұру, құжаттардың дайындығын тексеру, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден анықтамалар беру сияқты қызметтер ала алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz