С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының «Алуа» халық би ансамблі Түркістан қаласында өткен «BALA STAR» республикалық конкурс-фестивалінде 1 орын иегері атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Республикалық байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен би ұжымдары қатысты. Өңір намысын «Алуа» ансамблі қорғады. Білікті хореографтардан құралған қазылар алқасы жерлестеріміздің өнерін жоғары бағалады.
– Аталған республикалық фестивальде өңірімізден біздің ұжым қатысты. 6 қыздан тұратын тобымыз жеңімпаз атанды. Тәлімгерлерім қазақтың «Қосбасар» мен «Томиристің түсі» атты билерді тамаша орындап шықты, – дейді «Алуа» халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Бүркітбайқызы.