Қар құрсауында қалған елікті құтқарды

Авторы: Qyzyljar News

Облыс құтқарушылары саяжай аумағында қарда жатқан елікті құтқарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 112 нөміріне бір тұрғын қоңырау шалып, Есіл өзенінің маңындағы саяжай кентінде дәрменсіз жатқан еліктің бар екенін хабарлаған. Кейін оқиға орнына тәжірибелі құтқарушы Айбол Отарбаев бастаған жедел-құтқару жасағы шықты.

– Біз жолға шыққан уақытта қас қарайып қалған кез еді. Есіл өзенінің маңына 200 метрдей қалғанда елікті байқап қалдық. Жануардың әлсірегені соншалық басын бұра алмайтындай жағдайда болды, – деді бас құтқарушы Досым Жұманов.

Сарапшылардың айтуынша, биыл өңірде елік көбейген, дені Ресейдің шекаралас аумақтарынан ауып келген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz