Қазақстан көмір экспортына тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартуды жоспарлап отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті «Көмір мен лигнитті әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

– Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмірді, тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін, тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді, гагаттан басқа лигнитті немесе агломерацияланған немесе агломерацияланбаған қоңыр көмірді автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, – деп жазылған құжатта.

Ведомство өкілдерінің түсіндіруінше, тыйым халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету бойынша дүрбелеңнің алдын алу үшін енгізіліп отыр.

– Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге уақытша шектеу қоюдың орындылығы 2023 жылғы 22 ақпандағы сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қолдау тапты, – деп жазылған құжатта.

Құжат 14 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz