Учаскелік инспектор көмекке келді

Авторы: Qyzyljar News

Аққайың ауданындағы Черкасское — Смирново автожолында кондитерлік өнімдер тиелген «ГАЗель» көлігі көктайғақтың салдарынан жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл жайтты байқаған Черкаское ауылдық округінің учаскелік инспекторы Ербол Хасенов дереу қолұшын созуды ұйғарды. Тәртіп сақшысы қызметтік «Нива» маркілі теміртұлпарымен  жүк көлігін қар құрсауынан шығара алмаған соң, көмекке электр желілерін тарату компаниясы қызметкерлерін тартқан. Олар «Орал» маркілі трактормен опа қардан жүк көлікті алып шықты.

– Осындай оқиға полиция қызметкері Ербол Хасеновтың тәжірибесінде алғашқы жайт емес. Қаңтар айында ол боран кезінде сол автожолдағы қар құрсауында қалып қойған Петропавл тұрғындарына көмек көрсетті. Көлік салонында әйел мен екі баланы жылыту үшін жақын маңдағы Добровольский ауылындағы үйлердің біріне жеткізген, – дейді Аққайың аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолдарда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz