Петропавлда саяжай қоғамындағы үйлердің бірінен 50-ден астам еліктің еті табылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдың 3 тұрғыны 50-ден астам елікті заңсыз атты деген күдікке ілінді. Олардың көлігінен және саяжай қоғамындағы үйлердің бірінен бас-сирағы мен терісі және екеуінің тұтас еті табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық полиция ведомствосының басқа бөлімшелерімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде заңсыз аң аулады деген күдікпен Петропавлдың үш тұрғынын ұстады.

Ақпанның 27 таңертең «Челябі-Новосібір» тасжолының 525 шақырымында тексеру барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы Петропавл тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-2115» автокөлігін тоқтатты. Салонда 29 және 30 жастағы тағы екі облыс орталығының тұрғыны болған. Автокөліктің жүксалғышын қарау кезінде сойылмаған 4 сібір елігі, сондай-ақ «ТОЗ» маркалы екі тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық, 2 патрон, гильза және басқа да аңшылық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.

— Бұдан әрі іс-шараларды өткізу барысында Петропавлдағы саяжай қоғамдарының біріндегі үйден екі еліктің мүшеленбеген еті, 41 еліктің терісі, 119 тұяқ, 12 аңның басы табылды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тәркіленген қару мен аңдардың сирақ-басы, терісі мен еті сараптамаға жіберілді. Күдіктілер Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, — дейді СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Ұсталғандар енді заңсыз аңшылық үшін 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе қоғамдық жұмыстарға 1200 сағатқа жегілуі мүмкін.

 Фото: СҚО ПД

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz