СҚО-дан әскер қатарына 600 жас азамат алынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Маусым айының соңына дейін жалғасатын шара барысында еліміздің әскери бөлімдеріне облыстан 600-ге жуық жас азамат жіберіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл науқан кезінде облыста 14 әскерге шақыру комиссиясы жұмыс істейді. Оның 12-сі аудан орталықтарында шоғырланса, 1-уі – Петропавлда. Дәрігерлер мен қорғаныс істері жөніндегі мамандардың жіті тексеруінен өткендер әскер қатарына шақыртылады. Қорытындысын облыстық комиссия шешеді.

– Әскер қатарына 18 жастан асқан жас азаматтар шақыртылады. Олар медициналық және психологиялық тексерістен өтеді. Оның қорытындысы бойынша облыс тұрғындары еліміздің әскери бөлімдеріне жіберіледі. Соңғы екі жылдың ішінде болашақ сарбаздарға әскерге шақыртулар СМС түрінде ұялы телефондарға жіберілуде, – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Марат Кәрімов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz