СҚО тұрғындары көктемнің шуағын наурыз айының соңында ғана сезіне бастайды — синоптиктер

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысына биыл көктемнің жылуы бір аптаға ерте келеді. Десек те, синоптиктердің болжамынша, наурыздың басы мен ортасында кей жерлерде ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендемек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, жалпы наурызда ауа температурасы жылдағы көрсеткіш деңгейінде, орта есеппен -6-8 градусты көрсетпек. Ал өңір тұрғындары асыға күткен көктемнің жылуын тек айдың соңында ғана сезіне алады.

Наурыз айының алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде -10-15°С пен -3-8°С, күндіз -2-7°С пен -2+3°С аралығында болады. Екінші онкүндікте түнде -7-12°С, күндіз -2-7°С, кейін күн суытып, түнде ауа температурасы -20, кей жерлерде -25°С дейін, күндіз -9-14°С болады. Ал үшінші онкүндікте -5-10°С, күндіз 0, +5°С күтілуде. Жалпы айдың соңында күн жылына бастайды, түнде 0,-5°С, кей жерлерде +3°С, күндіз сынап бағанасы +2+7°С дейін көтеріледі, — дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.

Маманның айтуынша, айдың басы мен ортасы қарлы-боранды болса, соңы жаңбырлы болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz