«Қазгидромет» СҚО-да және еліміздің 12 облысында жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Наурыздың 2-сі түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған қарлы боран күтіледі. Бүгін түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с, облыстың басым бөлігінде екпіні – 23-28 м/с,- делінген Қазгидромет жариялаған ақпаратта.