Жемқорлардан тәркіленген қаржыдан арнайы есепшотқа 120 млрд. теңге түскен  

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген қаржыдан арнайы есепшотқа қанша ақша түскенін және оның қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, арнайы шот «Қазынашылық базасынан» ашылған. Ол бүгінде арнайы шотқа қанша ақша жтналып үлгергенін айтты.

– Қазір бұл есепшотта 120 млрд. теңге бар. Қазір Оқу-ағарту министрлігінен өтініш күтіп жүрміз. Қаржыны жөндеу қажет мектептерге бөлеміз. Олар үш ауысымды мектептер. Жедел жөндеуді қажет етіп отыр, — деді Қаржы министрі.

Сонымен қатар ол қазір өтініш беру процесі жүріп жатқанын айтты.

– Біз мектептердің тізімін алған, жасақтаған бойда республикалық бюджет комиссиясына береміз, содан кейін бұл ақшаны аймақтарға жібереміз, — деп қосты Ерұлан Жамаубаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz