СҚО полицейлері көлік жүргізушілерге көмектесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ақпан айының соңында Чкалов — Тайынша автожолында «Lada Kalina» маркалы көлік сынып қалған. Ақжар ауданынан келе жатқан екі отбасыға облыс полицейлерге көмекке келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Екі отбасының мүшелері суық көлікте шамамен екі сағат отырған. Абырой болғанда, көмекке жергілікті учаскелік полиция инспекторы Арман Ақмұлдаев келді. Ол сынып қалған «темір» тұлпарды байқаған. Тәртіп сақшысы бірінші кезекте әйел адамдарды жылыту үшін оларды қызметтік көлікке отырғызып, істен шыққан көлікті жылы боксқа орналастырған. Кейін Донецк ауылының тұрғыны Сергей Лупшанюкпен бірге оны жөндеген екен. Бұл туралы ақжарлық тұрғындар «Instagram» парақшасында жазған.

Көкшетау қаласының тұрғыны болса, одан да қауіпті жағдайға тап болды. 24 ақпан күні боран мен көктайғақ салдарынан оның «Volkswagen Polo» маркілі көлігі жолдан шығып қалып аударылды. Бұл оқиға Қарағаш және Аймақ ауылдары маңында орын алды.

Қайғылы жағдайдан жүргізушіні қауіпсіздік белдігі аман сақтап қалды. Ер адамның салоннан өздігінен шыға алмағаны да белгілі. Бұл оқиға туралы хабар ТЖ қызметіне келіп түсіп, Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне берілді. Бұл жерге учаскелік инспектор Руслан Бекболатов келді. Ол қатып қалған жүргізушіні босатып, Қарағашқа жеткізді. «Астық STEM» ЖШС басшылығы ер адамды қызметкерлердің демалуы үшін үй-жайға жіберуге келісті. Кейін серіктестік директорының міндетін атқарушы Сергей Звольский трактор бөліп, опа қардан көлікті шығарып алуға көмектесті.

Жүргізуші алғысын учаскелік инспекторға білдіріп, өмірін сақтап қалған азаматтарға рахметін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz