Транзиттік жүктердің ел аумағында өту мерзімі 12 күннен 6 күнге қысқарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кеңесте аталған бағыттың қазақстандық бөлігіндегі белсенді жұмыстың арқасында республика аумағы бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі 12 күннен 6 күнге дейін, яғни, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарғаны атап өтілді. Сонымен қатар 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 5 күнге дейін жеткізу жоспарлануда.

Жалпы, ТХКБ шеңберінде Қытайдан Қара теңіздегі порттарға жүктерді жеткізу мерзімі 38-53-тен 19-23 күнге дейін қысқарды, ал осы жылдың соңына қарай 14-18 күнге жетуі тиіс. Мұндай ілгерілеу қатысушы елдердің бағыттағы кедергілерді жою, өтпелі тарифтерді енгізу және басқа да шараларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.

Кеңеске қатысушылар Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту, жылжымалы құрам паркін жаңарту, сауда флотын және Ақтау мен Құрық порттарының қуатын арттыру жөніндегі шараларды талқылады.

Ақтау портында контейнерлік хаб құру, қайта тиеу техникасының паркін жаңарту және мұнай құю айлақтарын қалпына келтіру, ал Құрық портында жаңа айлақ салу, көпфункционалды және астық терминалдарын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ 2030 жылға дейін Каспийде 10 мұнай құю баржасы, 8 паром, 6 танкер және контейнерлік кеме жұмыс істей бастайды деп күтілуде.

Сонымен қатар кеңесте кедендік рәсімдерді оңайлатуды және маршрутта тасымалдаудың берілген кепілдік көлемін бекітуді көздейтін Қазақстан мен Қытай арасындағы ТХКБ дамыту жөніндегі келісімді дайындау мәселесі қаралды.

Премьер-Министр бұл құжатты мемлекетаралық деңгейде одан әрі пысықтау үшін оны ҚР мемлекеттік жауапты органдарымен келісу рәсімдерін жеделдету қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz