Петропавлда И.Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде қала мектептерінің оқушылары арасында «Коса – девичья краса» атты «Junior Skills» чемпионаты өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Байқауға қаламыздың 13 мектебінен 8-11 сыныптарда оқитын 30-ға тарта оқушы қатысып, олар «Мектеп бұрымдысы», «Салтанатты кешке арналған шаш үлгісі» атты екі аталым бойынша бақтарын сынады. Чемптонатқа 8-11 сынып оқушылары арасында өткенін айта кеткен жөн. Қазылар алқасын құрамында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша сабақ беретін оқытушылар болды.
Байқау қорытындысы бойынша «Мектеп бұрымдысы» аталымында: 1 орынды – Н.К. Крупская атындағы № 10 орта мектебінің оқушысы Камила Сұлтанғалиева жеңсе, 2 орынды — № 8 жалпы орта білім беретін көркем-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінің оқушысы Екатерина Шамрай иеленді. Ал 3 орын — «Н.К. Крупская атындағы № 10 орта мектебінің оқушысы София Чемисоваға бұйырды.
«Салтанатты кешке арналған шаш үлгісі» аталымында: 1 орынды — «Абай атындағы қазақ-мектеп гимназиясының оқушысы Сымбат Қанатқа жеңсе, 2 орынды — «БЕСТ» гимназиясының оқушысы Анастасия Васильеваға иеленді. 3 орын «Токушинск мектеп-гимназиясы» оқушысы Валерия Косарева бұйырды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталса, жүлдесіз қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.