«Қазгидромет» РМК еліміздің басым бөлігіндегі қолайсыз ауа райына ескерту жариялады. Синоптиктер көптеген өңірде тұман, қатты жел тіркелетінін болжайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде жаяу бұрқасын жүреді деп деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде көктайғақ болады, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 6 наурызда түстен кейін оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.