Петропавлда СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері №10 мектептің бесінші сынып оқушыларына арнайы келді. Тәртіп сақшылары балалармен бірқатар ықтимал жағдайларды талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайда балаларға ересек адамның қолынан шығуға мүмкіндік беретін бірнеше амалдар көрсетілді. Сондай-ақ полицейлер кез келген ықтимал қауіп және басқалардың күдікті мінез-құлқы туралы бірден құрдастарына, ересектерге: ата-аналарға, мұғалімдерге дереу хабарлау керек екенін айтты.
– Кез келген жағдайда ең бастысы — қобалжуға жол бермеу керек. Дүрбелеңді болдырмау үшін қауіпсіз мінез-құлық ережелері оларды автоматизмге жеткізу үшін үнемі қайталап отыру қажет. Мұны тәрбиешілер де, ата-аналар да ескеруі керек, – дейді СҚО ПД АЖДБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Игорь Левин.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі