Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мамандарының ұйымдастыруымен өрт сөндіру қызметінің ең сұлу қызметкерлерін анықтайтын байқау өтті. Сайыс 8 наурыз мерекесіне орайластырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші орынды Петропавл қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 28 жастағы радиотелефоншысы Айнұр Нұрпейісова иеленді. Азаматтық қорғау органдарында ол 2021 жылдан бастап қызмет етеді. Екінші орын Петропавл № 5 өрт сөндіру бөлімінің 27 жастағы радиотелефоншысы Салтанат Айтмағамбетоваға бұйырды. Бұл бөлімде ару 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал үздік үштікті № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы Камила Рахметоваға түйіндеді. 33 жастағы келіншек азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2018 жылдан бастаған.
— Байқау екі кезеңнен тұрды. Біріншісінде байқауға қатысушылар өздерін фотосессияда өрт сөндірушілер ретінде көрсетті. Сондай-ақ олардың өмірлік ұмтылыстары мен кәсіби ұстанымдарын анықтайтын ұрандар ескерілді. 24 қатысушының 18-і екінші турға өтті. Жеңімпаздар департаменттің әлеуметтік желідегі парақшасында онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Аталған парақшаның 17 мыңға жуық оқырманы өз дауыстарын берді, — делінген баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.