Адам құқықтары тапталмасын десеңіз

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Жанат Жұмабаевқа өңір тұрғындарынан 25 өтініш түскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандықтар түскен өтініштердің басым бөлігі шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану, сот актілерімен келіспеу, еңбек және көші-қон заңнамасы, заңсыз жұмыстан шығару, жер қатынастары, полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері, әлеуметтік көмек туралы сұрақтарды қамтыды.

Жанат Жұмабаевтың айтуынша, әр өтініш назарсыз қалған жоқ. Нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, қызмет алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелерге мониторинг жүргізілді.

– «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» ақпараттық порталында деректерді толтыру және өзектендіру тетігі жоқ. Бөлмелерде температура төмен, жөндеу жоқ. Бейнекамераларды орнату, Қызмет алушылардың жарақаттану жағдайлары мен жанжалдарын азайту және алдын алу бойынша ұсыныстар енгізілді, — деді Жанат Жұмабаев.

Естеріңізге салсақ, 2022 жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңға қол қойған еді. Оның негізгі мақсаты – адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz