Түркияға барған қазақстандық құтқарушыларға сыйақы берілмейтін болды

Авторы: Qyzyljar News

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркиядағы құтқару операциясына қатысқан құтқарушыларға ақшалай сыйақы беру бастамасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды. Мен бұған дейін құтқарушылардың заңнамада белгіленген тәртіппен шетелдік іссапарлар аясында алатын қаражаты туралы айтқан болатынмын», – деп жауап берді Юрий Ильин БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұл ретте министр ведомство қызметкерлерінің жалақысы өсетінін атап өтті.

— Үкіметтің қаулысына сәйкес, қазір бізде жалақы өсіп жатыр. Басшылық құрамның еңбекақысы төменгі мөлшермен өсетін болса, жалпы құрам қызметкерлерінің жалақысы бірден 70%-ға дейін ұлғаяды. Қызметкер алғашқы кезеңде шамамен 110 мың теңге алады. Енді олар 179-180 мың теңге көлемінде алады деп үміттенеміз, – деді министр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz