Қазақстанда тәртіпсіздікке шақырғаны үшін салынатын санкция күшейтілмек

Авторы: Qyzyljar News

Парламент сенатының депутаттары палатаның 9 наурыздағы жалпы отырысында жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін жазаны күшейтуді көздейтін заң жобасын екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мұндай норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу, жазаны атқару, азаптаулар мен өзге де қатыгездіктің алдын алу саласындағы адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас, адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында белгіленген.  Оны Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды.

— Жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану, қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық, ерекше цинизммен және қылмыстық топ құрамында жасалған кісі өлтіру және бандитизм үшін санкцияларды күшейту көзделіп отыр. Мұндай адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан шектеу көзделіп отыр,- деді Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар құжатта отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылықтарға, атап айтқанда, денсаулыққа ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіру – «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты әрекет жасау» деген біліктілік белгілері енгізілген. Бұл қылмыстың ауырлығын жеңілден орташа ауырлыққа дейін арттырып, санкцияны күшейтеді. Егер қазір 106-бапта 3-тен 8 жылға дейін көзделген болса, онда құжат қабылданса 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz