СҚО-да талап бұзған улы химикат қойма иелеріне айыппұл салынды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр улы химикаттар қоймаларына 11 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде тиісті талапты бұзғандарға жалпы сомасы 2 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр пестицид пен минералды тыңайтқыштарды уақытша сақтауға арналған 38 қойма мемлекеттік санитариялық қадағалау органдарының бақылауында болды.Адамдардың улануына жол бермеу мақсатында улы химикат қоймаларына 11 тексеру жүргізілді. Тиісті талаптардың сақталмағаны анықталып, жалпы сомасы 2 млн. теңгеге 4 әкімшілік айыппұл салынды, барлығы өндіріліп алынды.

— Бұдан басқа 4 нұсқама дайындалып», оның 3-і мерзімінде орындалды. Ұйғарымды орындамағаны үшін бір ЖШС-ге айыппұл салынып, сотқа берілді. Сот шешімімен заңды тұлға 200 АЕК — 612 мың теңге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Галина Стацюк.

Маманның айтуынша, облыста былтыр ел аумағында рұқсат етілген 300-ден астам атаудағы улы химикаттар қолданылды. Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде пестицидтен улану жағдайлары бойынша медициналық ұйымдардан хабар түскен жоқ.

— Алда көктемгі дала жұмыстары келе жатыр. Маусымдық өңдеу жүргізу кезінде улы химикаттармен улануды болдырмау үшін санитариялық-гигиеналық нормаларды, қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн. Улы химикатпен жұмысқа 18 жасқа толған, медициналық тексеруден өткен және рұқсат берілген адамдар жіберіледі. Емізетін және жүкті әйелдерді, жасөспірімдерді және жазылмайтын жаралары бар адамдарды жұмысқа тартуға тыйым салынады. Шаруашылық басшылары жұмыс істейтіндердің барлығын арнайы қорғаныс киімімен қамтамасыз етуге тиіс. Оларды қайта-қайта залалсыздандырып отыру керек, — дейді Галина Стацюк.

Маманның айтуынша, улы химикаттан уланған кезде адам құсады, жүрек айнып, бас және іш ауырады. Тыныс алуы және жүрек қызметі бұзылады. Уланудың алғашқы белгілерінде бірден жедел жәрдем шақыру қажет.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz