2024 жылы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында сегізінші зауыт ашылады. Жаңа кәсіпорын бір тәулік ішінде 1200 тонна күнжара майын өндіреді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы әлеуметтік желіде облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмрин мәлім етті. Оның сөзінше, күнжара майын өңдеумен айныласатын өндіріс ошағын «Atameken-Аgro-Оils» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғызады.
– Биыл «Atameken-Аgro-Оils» ЖШС –нің арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Зауыт ашылса 252 жаңа жұмыс орны құрылады. Кәспорынның қуаты тәулігіне 1200 тоннаға дейін жетпек. Экстракциялық зауыттың құрылысы биыл басталып, 2024 жылы қолданысқа беріледі, – деп жазды Дахан Әмрин.