3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері республикаға жалпы 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басынан Қазақстанға қандастардың жартысы (50,0%) Өзбекстаннан, 16,3%-ы – Қытайдан, 15,9%-ы – Ресейден 8,4%-ы – Түрікменстаннан, 4,5%-ы – Моңғолиядан және 4,9%-ы басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сонымен бірге Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1% болды. Еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7% және зейнеткерлер 8,2% болды. Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1%-ы жоғары білімді, 40,9%-ы орта кәсіби білімді, 35,2%-ы жалпы орта білімді және 3,8%-ының білімі жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz